© sputniknews.kz

Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі.

«Қымбатты қазақстандықтар! Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.

Конфессияаралық келісім — мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз», — делінген мәтінде.

Тоқаев Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосып жатқанын айтты

«Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз. Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!», — деп қорытындылады Президент.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*