Месячные архивы: Март 2016

Айтулы азамат еді

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсанов өмірінің маңызды кезеңдерінің бір бөлігі Мырзашөл жерімен байланысты. Сонымен қатар, ол кісінің жан жары Саида жеңгеміз – киелі Жетісай өңірінің қызы. Мұстақым ағамыздың жалындаған жастық шағы, албырт кезеңі Мырзашөлдің ыстық алқабында құрыштай шыңдалды. Мұстақым Біләлұлы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бі­тірген соң Алматы қаласы Фрунзе аудандық комсомол ко­митетінің бірінші хатшысы болды. Содан кейін ...

Читать далее »

Әлихан әлемі

Алаш арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков пен Жақып Ақбаевтың туған жері Қарағанды облысының бұрынғы Қоңырат, қазіргі Ақтоғай ауданы. Осы ауданды «контрреволюция ордасы» деп атап, оның халқын бертінге дейін айрықша бақылауда ұстады. Осы аудан орталығында Әлиханмен аталас Кейкі төренің қабірінің көртопырағын ештеңеден сескенбей тегістеп, тақтай еден төсеп, төрт құлақты саман кірпіштен қаланған мазарының төбесін шатырлап, НКВД аудандық бөлімінің кеңсесіне айналдырғанын, оның ...

Читать далее »

«Дәуір қателігі» ретінде бағаланған саясат

Заңсыз тасымалдың жаңа бағыты ашылмақ Ливияның жағалау күзеті қызметі ішінде 600-ге жуық мигрант бар Еуропаға бет алып бара жатқан үш кемені ұстаған. Бұл туралы осынау солтүстікафрикалық елдің билігі хабарлап отыр. Босқындар Триполиден 45 шақырым жердегі елдің солтүстік-батысындағы Эз-Завия қаласы маңындағы суларда ұсталған. Африкалық бірнеше елден шыққандар болып табылатын мигранттар Еуропа құр­лығына үш үрмелі қайықтармен жетуге тырысқан. Дегенмен, Триполидегі про­ис­ламистік үкіметке ...

Читать далее »

Беларусьте зейнеткерлік жас 3 жылға ұзартылды

АСТАНА. 29 наурыз. Беларусь Республикасында зейнеткерлік жас 3 жылға ұзартылды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазіргі кезде зейнеткерлік жас ер адамдар үшін 60 жастан, ал әйел адамдар үшін 55 жастан басталады. Осы аптада мемлекет президенті Александр Лукашенко зейнетақы жасын арттыру мәселесі бойынша жиын өткізді. Жиын соңында бұл істің шешімі келесі аптада қабылданатынын мәлімдеді. Ал ...

Читать далее »

Батыс БАҚ-тары Пальмираны алуды зор жеңіс деп атады

АСТАНА. 28 наурыз. Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Сириядағы көне Пальмира қаласының «Ислам мемлекеті» содырларының қолдарынан қайтарылуы Мәскеу мен Асадтың айтарлый ірі жеңісі екенін мойындап отыр. Бұл туралы The Washington Post газетінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Пальмира қаласының ИМ терроршыларынан азат етілуі іске Ресей араласқаннан кейін Сириядағы жағдайдың қаншалықты өзгергенін көрсетіп берді, деп жазады басылым. Пальмираның азат етілуі Сирия билігі ...

Читать далее »

Түркия президенті ТҮРКСОЙ-ды қабылдады

22 наурыз күні Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дың делегациясын Бестөбе сарайында қабылдады. Кездесуге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған ресми делегация мен Әзербайжан, Гагаузия (Молдова), Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Македония, Моңғолия, Түрікменстан сынды елдерден келген өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар, кездесуде Түркия Премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш, Түркияның Мәдениет министрі Махир Унал болды. Түгел түркі жұртының, ...

Читать далее »

Жарамсыз тауарлар

Парламент Сенатының депутаттары тұтынушылардың құқығы туралы заңға өзгерістер енгізгені туралы бұған дейін хабарлаған едік. Енді мәселені нақтылай түссек, алдағы уақытта сапасыз тауарды сатып алған жеріне екі аптадан кейін емес, жарты жылдан кейін де қайтаруға болады. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев тұтынушылардың бірнеше мәрте жасаған шағымдарынан кейін осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл заңның тез бұзылатын тағам өнімдеріне қатысы жоқтығын, оларды ...

Читать далее »

Ыдыс жуғыш сұйық

Мектеп оқушысы осындай зат ойлап тапты Атыраудағы Назарбаев зияткерлік метебінде оқитын 10-сынып оқушысы Кемелхан Қалиолла ыдыс жуғыш сұйық зат ойлап тапты. Ол мұны кәдуілгі қарбыз суының құрамындағы белсенді натрий тұздарының эфир майларын ыдырата алатынын анықтау арқылы шешіпті. Дегенмен, жоба әлі де тереңдетіле зерттеліп жатыр. Шалымды шәкірт қарбыз суының қасиетін зерттеуді былтыр бастаған екен. Содан бері ол ғылыми жетекшісімен бірге уақытының ...

Читать далее »

Алғашқы қызғалдақ

Оңтүстік өңірінде қауыз ашты Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қырдың қызыл қызғалдағы гүлдеді. Әдетте, бұл гүлдер сәуір айында қауыз жарып, көздің жауын алатындай болып жайқалатын. Биыл оңтүстік өңірде көк­тем ерте шықты. Өсімдіктер де ерте оянып, мерзімінен бұрын гүлдей бастады. Осының бір дәлелі қырдың алқызыл қыз­ғалдағы қауыз жарып, даланы гүлге бөледі. Статистикалық мәлімет­терге сүйенсек, әлемде қыз­ғал­дақтың 83 түрі ерекше қорғалатын өсімдіктер ...

Читать далее »

Азиядағы алып глобус

Оңтүстік Қазақстан облысында жасалды Шымкент қаласындағы №90 орта мектептің оқушылары Орта­лық Азиядағы алып глобусты 6 айда жасап шығарды. Жер шарының көшірмесін дайындауға аталған білім ұясының 300-ге жуық шәкірті жұмылдырылған. – Глобустың қаңқасын құрап болған соң, сыртын гипсокартонмен қаптадық. Дайын болған макет қабырғаларын гипспен сыладық. Ал глобустың графикалық бейнесіне қажетті бұйымдар елімізде табыл­мағандықтан, Ресейден арнайы алдыр­дық, – дейді глобусты жаса­ған оқушылардың ...

Читать далее »