© polisia.kz

Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді үш шақырымға сүйреп кеткен

Шымкентте мас күйде көлік жүргізген азамат полиция қызметкерін қағып, оны 3 шақырымға дейін көлігінің капотында тасыған деп хабарлайды Xnews.kz «Polisia.kz«-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Тұрар Рысқұлов көшесінде «Mitsubishi Galant» пен «Audi-80» автокөліктері соқтығысты.

Полиция қызметкері оқиға орнында «Mitsubishi Galant» автокөлігінің жүргізушісінен құжаттарын көрсетуін талап еткен. Алайда, ол талапты орындаудан бас тартып, оқиға орнынан ізін жасырмақ болған.

Жүргізуші көліктің алдын бөгеп тұрған тәртіп сақшысын қағып, оны 3 шақырым жерге дейін капотында сүйреген.

Құқық бұзушы полицейлерден қашып құтыла алмады. Патрульдік полиция полкінің 7-ротасының қызметкерлері оны ұстап, бірден медициналық куәландыруға жеткізген.

31 жастағы құқық бұзушыға қатысты 380 баптың 2-бөлігі (билік өкіліне қарсы күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ оған қатысты қылмыстық кодекстің 610 бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұсталған азамат Шымкент қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшысы ешқандай дене жарақатын алмаған.

http://youtube.com/watch?v=uwgn86kNtMw
polisia.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*