Ел жаңалықтары

Атырауда халал дүкеннен ет алған отбасы қонақтарымен бірге уланып қалды

Атыраулық отбасы «Халал» дүкеннен ет сатып алып, қонақ шақырған. Дастарханға қойылған асылған еттен ауыз тигеннің бәрі уланып, дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап. Зоя Сатқанғалиева мереке қарсаңында Халал дүкенінен 50 мың теңгеге 26 келі ет салып алған. Ет асып, одан ауыз тигеннің бәрі астан уланғандарын айтып, шағымданыпты. Зоя әжейдің сөзінше, келген қонақтың бәрінің іші ...

Читать далее »

Қызылорда облысында 256 келі тағам өнімі сатылымнан алынды

Қызылорда облысында талапқа сай емес 256 келі азық-түлік сауда сөрелерінен алынды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Тағам өнімдері арасында ең көп сәйкессіздік ет, сүт және кондитерлік өнімдердің үлесінде. Сараптамаға алынған 91 алкогольсіз энергетикалық сусындардың 7-еуі талапқа сай болмай шықты. Олардың таңбалануы дұрыс емес. Сондай-ақ құрамында кофеин мен құрғақ қоспалар нормадан көп болған. Тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу шеңберінде өткен жылы сауда ...

Читать далее »

Токио Олимпиадасына қатысушылардың төсегі картоннан жасалады

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиаданың ұйымдастырушылары қатысушылардың төсегі қайта өңделген картоннан жасалатынын айтты. Токиодағы Олимпиада қалашығының менеджері Такэси Китадзиманың айтуы бойынша, картон төсектер 200 келі салмақты көтере алады және осы тұрғыдан алғанда олар ағаш төсектен де мықты. «Бірақ үстінде секіретін болсаңыз, ол да ағаш төсек сияқты қирап қалады», — дейді Такэси Китадзима. Олимпиада қалашығына жалпы 18 мың төсек ...

Читать далее »

ШҚО-да көлікке баллон байлап, сырғанаған екі жігіт қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында баллонмен сырғанамақ болған үш жасөспірім жол апатына түсіп, салдарынан екеуі мерт болды деп хабарлайды pyx.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, жантүршіктірерлік жол апаты 2 қаңтарда Бесқарағай ауданында болған. Үш жасөсіпірім автокөлік баллонымен сырғанамақ болып, оны Nissan Terrano көлігіне байлаған. Олардың бірі рөлге отырып, қалған екеуі сырғанаған. Транспорттық құрал қозғалысты бастаған сәтте баллон қарсы бағытқа ...

Читать далее »

Желіде Bek Air ұшағының құлаған сәті түсірілген видео пайда болды

Алматыда Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының құлаған сәті түсірілген видео жарияланды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі. Ролик YouTube-тегі Joella Horn арнасында пайда болды. Видео бақылау камераларына түсірілген. Лайнер жер үстінде сырғанап, қоршауды тесіп өтіп, фонарьды бұзады.

Читать далее »

Қазақстандықтар 2020 жылы қанша күн демалады

Қазақстандықтарды 2020 жылы көп демалыс күтіп тұр. Тек жаңа жылдық мерекеге орай ел тұрғындары төрт күн қатарынан демалады деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 2020 жыл қазақстандықтарға 23 демалыс күн сыйламақ. Тек жаңа жылдық мерекенің өзінде ел тұрғындары 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін демала алады. Бірақ, оларға жексенбі күнге түсетін 5 қаңтар күні жұмысқа шығуға тура келеді. Артынша 6 ...

Читать далее »

Алматы әуежайында ұшақ құлады

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтан бағытында ұшуы тиіс болған «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілер кезде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінің операторынан түскен ақпарат бойынша, «Алматы — Нұр-Сұлтан» бағытында әуеге көтерілген «Бек Эйр» әуе компаниясының кемесі радардан жоғалып кетті. Жолаушылар саны – 95. Экипаж саны – 5. Ұшақ түрі: «Фоккер-100». Алматы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімінің ...

Читать далее »