Нидерланд мемлекеті «Голландия» атауынан ресми түрде бас тартты

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Голландия» сөзі Нидерланд мемлекетінің атауы ретінде ресми түрде күшін жойды, — деп хабарлайды NOS радиостанциясы.

Енді жергілікті билік, жоғары оқу орындары, жеке компаниялар мен басылымдар «Нидерланд» атауын қолдануы керек. Үкімет бұл қадам арқылы мемлекетті есірткі мен жезөкшелікке байланысты ел образынан айырады деп санайды.

Сондай-ақ ел билігі бұл шешім туристер ағынын өзгертеді деп болжап отыр. Себебі бүгінде шетелдіктердің көбі тарихи Голландияны — Амстердам, Харлем және Гааганы көру үшін барады екен. Ал бұл қалалар қазір туристер ағынын қабылдауға дайын емес.

Ел атауын өзгертуге қатысты реформа корольдіктің бюджетін 200 мың еуроға азайтады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*