Шардаралық 11 спортшы қол күресінен әлем чемпионы атанды

ҚазАқпарат – Румыния елінің Констанца қаласында қол күресінен Әлем чемпионатына шардаралық спортшылар да қатысқан болатын. Әлемнің 55 елінен жиналған қол күрес шеберлері арасынан суырылып шыққан 11 спортшы халықаралық додада чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осымен 41-ші рет ұйымдастырылып отырған жарыстың алғашқы күні жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар арасында бақ сынаған шардаралықтар 11 алтын, 5 күміс, 6 қола алқаны қанжығаға байлады. Өз жеңісі арқылы қазақ елінің абыройын асқақтатты. 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*