Беларусьте зейнеткерлік жас 3 жылға ұзартылды

АСТАНА. 29 наурыз. Беларусь Республикасында зейнеткерлік жас 3 жылға ұзартылды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Қазіргі кезде зейнеткерлік жас ер адамдар үшін 60 жастан, ал әйел адамдар үшін 55 жастан басталады.

Осы аптада мемлекет президенті Александр Лукашенко зейнетақы жасын арттыру мәселесі бойынша жиын өткізді. Жиын соңында бұл істің шешімі келесі аптада қабылданатынын мәлімдеді. Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Марианна Щеткинаның айтуынша, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, біртіндеп жарты жылдан ұзартқан тиімді.

«Зейнеткерлік жас әйел адамдар үшін 58 жастан, ал ер адамдар үшін 63 жастан басталатыны туралы шешім қабылданды. Алдағы күндері осы мәселеге қатысты нормативтік актіге қол қойылады», – деді Беларусьтің вице-премьері Наталья Кочанова.

Аян Әбдуәли.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*