Бұл туралы Шымкент қалалық статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер бойынша 2019 жылғы 1 желтоқсанға қаладағы тұрғын саны 1033,5 мың адамды құрады және 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 22,3 мың адамға (2,2%) өсті.
25,8 мың сәби туып, 2018 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 4,8%-ға өсті.
Тұрмыс деңгейі бойынша, 2019 жылғы III тоқсанда қаладағы халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 70 774 теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13%-ға, ал нақты ақшалай табыс 6,7%-ға өсті.