© bbc.com

Иран Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алып болғанын мәлімдеді

Иран Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алып болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Таяу Шығыс елі АҚШ тарапынын агрессия болмаса, онда олар ешқандай әскери шабуыл жасамайтынын айтты деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мажид Тахт-Раванчи ТАСС агенттігінің АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзіне Теһранның реакциясы туралы сұрағына жауап бере отырып мәлімдеген.

«Біздің барлық әрекеттеріміз Касем Сулейманиге жасалған қастандыққа пропорционал келді. Олар аяқталды. Егер АҚШ Иранға қатысты әскери қимылдар қабылдамаса, біздің тарапымыздан — біз де ешқандай іс-әрекет жасамаймыз», — деді ол.

Дипломат ислам республикасы БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес әрекет етіп, өзін-өзі қорғау құқығын іске асырды деп атап өтті.

«Егер АҚШ әскери әрекеттерге баруға шешім қабылдаса, Иранның жауап беруден басқа амалы қалмайды», — деді Мажид Тахт-Раванчи.

Еске сала кетейік, жақында АҚШ-тың арнайы операциясы нәтижесінде «Аль-Кудс» ислам революциясы күзеті корпусының қолбасшысы – генерал Касем Сулеймани қаза тапты. Арнайы операцияға жауапкершілікті Пентагон өз мойнына алып, генералды өлтіру туралы бұйрықты президент Трамптың өзі бергенін мәлімдеді.

Осылайша, АҚШ Бағдаттағы елшіліктеріне жасалған шабуылға жауап қайтарды. Аталған оқиғадан кейін Тегеран қатаң түрде кек алуға уәде берген болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*