Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мұрасы сақталады

АСТАНА. 29 наурыз. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және саяси қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мәдени мұраларын сақтау және  шығармаларын көпшілікке таныту жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Облыстық мәдениет басқармасы комиссия мүшелерін анықтап, іс-қимыл жоспарын жасақтайды.

«Әбіш аға тек қана біздің аймаққа емес, сондай-ақ барлық елге танымал тұлға. Оның аты бүкіл әлемге белгілі. Бүгінгі біздің мақсатымыз – болашақ ұрпаққа ұлағатты мұрасын сақтап, таныту. Сол себепті комиссия құру және шараларды жоспарлау кезде міндетті түрде Маңғыстау облысы тұрғындарының ой-пікірлері ескеріледі», деді Алик Айдарбаев.

Ұзақ мерзімді жоспарды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді.

Дастан Кенжалин.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*