Жарамсыз тауарлар

Парламент Сенатының депутаттары тұтынушылардың құқығы туралы заңға өзгерістер енгізгені туралы бұған дейін хабарлаған едік. Енді мәселені нақтылай түссек, алдағы уақытта сапасыз тауарды сатып алған жеріне екі аптадан кейін емес, жарты жылдан кейін де қайтаруға болады. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев тұтынушылардың бірнеше мәрте жасаған шағымдарынан кейін осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл заңның тез бұзылатын тағам өнімдеріне қатысы жоқтығын, оларды көрсетілген уақытына дейін өткізу қажеттігін айтты.

– Біз бұл норманы қажетті құжаттарын көрсеткен жағдайда сапасыз тауарларды ауыстырып алу үшін енгіздік. Мұндай шешімге келмес бұрын мәселені жан-жақты зерттедік. Осыған орай, тауарларды үш түрге бөліп қарастырдық. Себебі, белгілі бір маусымда ғана пайдаланатын тауарлар болады. Мәселен, жазда сатып алған заттың қыста сапасы төмен екенін біліп жататын кездер кездеседі. Мәселені зерттеуде осының бәрін зерделедік, – дейді Ерболат Досаев.

Аян ӘБДУӘЛИ,

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*