Ыдыс жуғыш сұйық

Мектеп оқушысы осындай зат ойлап тапты

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік метебінде оқитын 10-сынып оқушысы Кемелхан Қалиолла ыдыс жуғыш сұйық зат ойлап тапты. Ол мұны кәдуілгі қарбыз суының құрамындағы белсенді натрий тұздарының эфир майларын ыдырата алатынын анықтау арқылы шешіпті. Дегенмен, жоба әлі де тереңдетіле зерттеліп жатыр.

Шалымды шәкірт қарбыз суының қасиетін зерттеуді былтыр бастаған екен. Содан бері ол ғылыми жетекшісімен бірге уақытының көбін зертханада өткізіп келеді. Қазір өнертапқыш ұланның жаңалығына қызығушылық танытып отырғандар жетерлік.

Кемелхан мұндай идеяға кездейсоқ кенеледі.

«Жаздыгүні әкем үйге қарбыз әкелген. Оның астына жууға ерініп, майлы ыдыс сала сал­ғанмын. Кейін қарбыз желінгеннен кейін ыдыстағы майдың кетіп қалғанын байқадым. Осыдан кейін менде сұрақтар пайда болды. Бұл қалай болды және бұған қарбыз суының қандай қатысы бар?» – дейді ол.

Кемелханның айтуынша, қарбыз суының тағы бір артықшылығы, ол  өсімдік майын ыдыратып қана қоймай, оны суда еритін затқа да айналдырып жібереді. Зерделі оқушы сұйықтық химиялық ыдыс жуғыштарға қарағанда әлде­қайда тиімді екенін дәлелдеген.

Дамир  ҚОЖАМҚҰЛ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*