Кеше Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жетекшілігімен палатаның осы сессиядағы алғашқы бюро отырысы өтті.
Онда Мәжілістегі саяси партиялардың, атап айтатын болсақ, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, Қазақстан Коммунистік халық партиясының фракциялары ресми тіркеуге алынды. Сонымен қатар, бюрода Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары Гүлмира Исімбаева мен Владимир Божко арасында өзара міндеттерді бөлу мәселелері де назардан тыс қалмады.
Сондай-ақ, палата бюросының қаулысымен осыған дейін Аппарат басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарған Жаслан Жүгінісов Парламент Мәжілісі Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.